Алматыда жаңа мурал пайда болды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматыдағы Терренкур аймағында, әл-Фараби даңғылының астындағы туннелде жаңа мурал пайда болды. Ол Қала күніне және Almaty Marathon спорттық шарасының 15 жылдық мерейтойына арналып салынған деп хабарлайды Kursiv Media қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Спортшылар мен тұрғындардың белсенді демалыс орнына айналған өнер туындысын танымал Repas граффити-командасы салған. Композицияның басты идеясы – бұқаралық спорт пен тоқтаусыз қозғалысты бейнелеу.

«Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаеваның айтуынша, арт-объект марафонның энергиясын жеткізіп, қала мен спорттың біртұтас даму тарихын көрсетеді.

Айта кетейік, мерейтойлық Almaty Marathon 27 қыркүйекте өтеді. Алматы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылатын ауқымды жарысқа әлемнің 60-тан астам елінен 16 мың қатысушы жиналады. Бағдарламада 10 шақырым, 21,1 шақырым, 42,2 шақырым қашықтықтар, скандинавиялық жүріс және Экиден командалық эстафетасы қарастырылған.

Оқи отырыңыз: Алматыда қай жерде тегін жүгіруге болады: жүгірушілерге нұсқаулық

Сондай-ақ оқыңыз