Педагогтердің жалақысы тағы да 25%-ға артады
2020 жылы педагогтердің жалақысы 25%-ға өсті, 2021 жылы тағы да 25%-ға артады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram-каналы хабарлады.
Ұстаздар сынып жетекшілігі, дәптер тексергені, магистратурада оқығаны үшін қосымша ақы алып жатыр.
Педагогикалық шеберлігі үшін колледж оқытушылары да жалақыдан 50%-ға дейінгі, ағылшын тілінде сабақ бергені үшін жалақының 200%-на дейінгі мөлшерде үстемақы алып жатыр.
Мемлекеттік ЖОО оқытушыларының жалақысы 20%-ға, ұлттық ЖОО оқытушыларының жалақысы 28%-ға өсті.
Колледжде, ЖОО-да және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алып жатқан студенттердің стипендиялары 25%-ға ұлғайды. Ал педагогикалық мамандықтар бойынша оқитын студенттердің шәкіртақысы 26 мыңнан 42 000 теңгеге дейін, докторанттардың шәкіртақысы 82 мыңнан 150 000 теңгеге дейін өсті.
2020 жылы 100-ге жуық мектеп салынды.
Елімізде балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 98,5% құрайды. 2020 жылы 362 мектепке дейінгі білім беру ұйымы ашылды.