Қандай жағдайларда банк картаны бұғаттай алады?

Жарияланды
Картаны бұғаттау деген не?

Бұғаттау деп төлем карточкасын пайдалана отырып операцияларды жүзеге асыруға, оның ішінде тауарларға ақы төлеуге және қолма-қол ақшаны алуға тыйым салу.Бұл туралы fingramota.kz сайты хабаралады.

Қандай жағдайларда банк картаны бұғаттай алады?

Егер бірнеше рет қате ПИН-код енгізілсе.

Кейбір банктерде банкоматта ПИН-кодты қате 3 рет, кейбірінде 5 рет енгізуге жол беріледі, бұдан кейін карта автоматты түрде бұғатталады. Банктер әдетте клиенттерге бұл туралы хабарлайды және қосымша ақпарат алу үшін байланыс орталығына хабарласуды ұсынады.

Әрекет етуге нұсқаулық: ПИН-кодты енгізу есептегішін нөлге келтіру керек. Мұны мобильді банктік қосымшаның «Теңшеулер» бөлімінде жасауға не банктің call-орталығына жүгінуге болады.

Егер банк үшін транзакция күмәнді болып көрінсе.

Қазақстандық банктерде күдікті транзакцияларға көп көңіл бөлінеді. Қолма-қол ақшасыз төлемдердің өсуімен қаржылық алаяқтықтардың саны да өсуде. Сондықтан банктер карточкамен жасалатын алаяқтық операциялардың алдын алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Егер банктің пікірінше, операция күмәнді болып көрінсе, банк карточка бойынша транзакциялардың жекелеген түрлеріне жүйелік шектеулер қоя алады. Нәтижесінде карточка мен оған байланған банктік шот бұғатталады. Осыдан кейін банк клиентпен картаны шығару туралы шартта көрсетілген тәсілмен: SMS, электрондық пошта немесе телефон нөмірі арқылы байланысады.

Іс-қимыл нұсқаулығы: Күдікті транзакция және карточканы бұғаттауға негіз болған жағдайда Банк клиенттердің мүдделері мен қаражатын қорғау үшін картаны бұғаттайды. 

Егер қаржы институтының күмәні ақталса және шынымен де алаяқтар Сіздің шотыңыздан белгілі бір соманы шығарып алуға тырысса, онда бұғаттау операцияны тоқтатады. Бұл жағдайда банк карточканы толығымен бұғаттайды, содан кейін оны қайта шығаруға тура келеді.

Басқа қандай жағдайларда банк картаны және шотты бұғаттай алады? 

Банк транзакцияларды тоқтата тұру түріндегі шектеулер қоюға, сондай-ақ банк шотында орналасқан ақшаға тыйым салуға құқылы.

Мұндай шектеулердің барлығы мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың тиісті шешімдерінің негізінде бастама алады. Тыйым салуды тиісті актілер мен қаулылар негізінде соттар, сот орындаушылары жүзеге асыра алады. Оларға алименттерден жалтару, салықтарды, үшінші тұлғалардың алдындағы қарыздарды, айыппұлдарды төлемеу және т.б. бойынша шешімдер жатады.

Барлық банк клиенттері төлем карточкасының не себепті «бұғатталғанын» немесе банктік шот бойынша шығыс операцияларының тоқтатылуы туралы түсініктеме алуға құқылы. Ол үшін өз қаржы институтына жүгіну қажет, ал банк әрекеттерінің заңдылығына күмән болған жағдайда, қаржылық қызметтерді тұтынушылар өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгіне алады.

 

Сондай-ақ оқыңыз