Акцияға қатысқаны үшін Юлия Навальнаяға 20 мың рубль айыппұл салынды

Жарияланды
Оның қорғаушысы сот шешімін негізсіз және заңсыз деп санайды

Мәскеудің Щербинский соты оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйдың әйелі Юлияны жаяу жүргіншілер мен көлік құралдарына кедергі келтіретін келісілмегенакцияға  қатысқаны үшін кінәлі деп тапты (Әкімшілік кодекстің 20.2-бабы 6.1-бөлігі). Бұл туралы Іnterfax.ru хабарлады.

 «Оған 20 мың рубль айыппұл салынды», – деді адвокат Светлана Давыдова.

Навальная Мәскеудегі Стромынка көшесінің жанында ұйымдастырылмаған митингіде ұсталған, содан кейін оны жаңа Мәскеудегі Щербинский ОМВД-ға апарған.

Сонымен бірге Навальныйдың қорғаушысы сот шешімін негізсіз және заңсыз деп санайды және Мәскеу қалалық сотына шағымданбақ ниетте, деп хабарлады адвокат Светлана Давыдова Интерфаксқа.

Екінші демалыс күндері Ресейдің қалаларында, соның ішінде Мәскеу мен Санкт-Петербургте ұсталған және қамауға алынған оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйды қолдайтын келісілмеген митингілер өтіп жатыр.

 

Сондай-ақ оқыңыз