Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялады

Жарияланды
Ұйым індетпен күрес шараларының жеткіліксіздігі мен оның кең таралуына алаңдаулы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус әлемде COVID-19 инфекциясының кең таралуына байланысты коронавирусты «пандемия» деп жариялады, деп жазады Интерфакс агенттігі.

«Біз COVID -19-ға қатысты қалыптасқан  жағдайды пандемия деп сипаттауға болады деген қорытындыға келдік»,–деді ол Женевада өткен баспасөз мәслихатында. 

ДДСҰ басшысы ұйым коронавирустқа байланысты әлемдегі жағдайды тәулік бойы бақылап отырғанын жеткізді.

«Біз коронавирустың осындай қорқынышты қарқынмен таралуына да, сонымен бірге оны ерен қылмай, алаңсыз отырғанға да алаңдаулымыз», – деді ол. 

Гебрейесус «алдағы күндері COVID -19  инфекциясын жұқтырғандардың саны, соның салдарынан қайтыс болғандардың және ауру таралған елдерің саны күрт өседі деп күтіп отырмыз» деп мәлімдеді.

ДДҰ критерийлеріне сәйкес, пандемия – жаңа аурудың әлемдік ауқымда таралуы. Мысалы, тұмау пандемиясы жаңа вирусы пайда болып, ол  бүкіл әлем бойынша таралғанда және адамдардың басым бөлігінің иммунитеті төмен болғанда жарияланады.

Сондай-ақ оқыңыз