Apple коронавирусқа байланысты 5G iPhonе шығарылымын кейінге қалдырды

Жарияланды
Жаңа үлгіге сұраныс төмендеген

Пандемияның жаңа түріне байланысты американдық Apple компаниясы жаһандық сұранысқа ие болған 5G iPhone  шығарылымын кейінге қалдыруы мүмкін. Бұл туралы РБК Nikkei Asian Review-ке сілтеме жасап жазады.

Компания ішінде телефон шығару жұмысы бірнеше айға кешігетіні туралы пікірталастар болған. 

«Қазіргі жағдайда тұтынушылар телефондарын жаңарту көрсеткіші төмендеген. Соған орай, Apple жеткізілім деңгейі де азайған. Apple компаниясы үшін бірінші 5G iPhone сұранысқа ие болуы керек екен», – деп жазады ақпарат көздердің бірі.

Apple бір жылдан бері өзінің ең ірі бәсекелестері – Samsung пен Huawei-дің 5G-ге ие смартфонынан артта қалды. 2020 жылдың басында компания 5G iPhone-нын шығаруды мақсат еткен. Сөйтіп, жеткізушілерге 2020 жылға дейін 100 млн дана жаңа құрылғылар жасап шығаруды тапсырған. Оның ішінде телефонның төрт түрлі жаңа нұсқасын шығару да көзделген болатын. 

Қазір Apple корпорациясы коронавирустың таралуын мұқият қадағалап отыр. Оның ең үлкен екі нарығы ол АҚШ пен Еуропада.  

Сондай-ақ оқыңыз