Қазақстандағы жасөспірімдердің көбі отбасында, мұғалімдер мен құрдастары тарапынан жиі қолдау көреді. Бұл туралы ДДСҰ-ның 11-15 жастағы балалардың денсаулығына қатысты зерттеу есебінде жарияланды,-деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз-қызметі.
⠀
ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының «Жасөспірімдердің денсаулығы мен әл-ауқаты басты назарда» деген есебінде 45 елден 11, 13 және 15 жас аралығындағы 227 441 оқушының денсаулығы, әлеуметтік қатынастары және психикалық әл-ауқаты туралы ауқымды деректер жинақталған.
⠀
Есепте Қазақстанда оқушыларды өз отбасы (81%), мұғалімдер (72%) мен құрдастары (64%) үнемі қолдап отыратыны жазылған.
⠀
Есепте «Мектеп жасындағы балалардың денсаулығына қатысты мінез-құлқы» (HBSC) зерттеу нәтижелері берілген.
⠀
Зерттеу әр 4 жыл сайын жүргізіледі және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығымен жүзеге асырылды.
⠀
Қазақстандағы жастар арасында:
⠀
● Балалардың көпшілігінің (81%) психикалық денсаулығы/әл-ауқаты жақсы. Дегенмен, әрбір бесінші жасөспірімде әрі қарай диагностиканы талап ететін депрессия белгілері байқалады.
● Күн сайын жасөспірімнің 38% жеміс-жидек, ал 43% көкөніс тұтынады.
● Әрбір алтыншы жасөспірім күнде құрамында қант бар сусындар ішеді.
● 15 жастағы жасөспірімдердің ішінде ер балалардың 35% және қыздардың 27% дене қозғалысына қатысты ДДСҰ ұсыныстарын сақтайды.
● 15 жастағы ұлдардың 10% және қыздардың 6% темекі шегіп көрген.
● Жасөспірімдердің 12% кем дегенде бір рет кибершабуылға ұшыраған.
Қазақстанда 15 жастағы ұлдардың 10% және қыздардың 6% темекі шегіп көрген
ДДСҰ арнайы зерттеу жүргізген
Сондай-ақ оқыңыз
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
Тоқаев: Орталық Азия жаңа тарихындағы ең табысты кезеңді бастан өткеріп жатыр
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
Алтынай Жорабаеваның қыз ұзатуда айтқан әні хит болды (видео)
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
"Челси" - "Тоттенхэм" матчының тікелей трансляциясы
-
Оқу уақыты ~ 4 мин.
«Қазмырыштың» миллиондаған доллар пайдасы кімнің қалтасына түсіп жатыр
-
Оқу уақыты ~ 12 мин.
Сұр гаджеттердің соңы: смартфон нарығындағы ойын ережелері қалай өзгеріп жатыр
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Германияда аптап ыстықтан 10 мыңға жуық адам көз жұмды
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
Прокуратура Бауыржан Байбектің әкесіне тиесілі компанияға қатысты үш істі тоқтатты
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
«Алдымыздан өткен жоқ»: Ұлдана Мырзуаның анасы мәлімдеме жасады
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Қазақ оқушылары информатика олимпиадасында үш медаль алды
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
Оңтүстікте аптап ыстық: 31 шілдеге ауа райы болжамы қандай
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Биыл Қазақстанда 102 адам суға батып қайтыс болған, оның 34-і бала
-
Оқу уақыты ~ 4 мин.
«Фридом Финанс» «ҚазТАГ» материалдарынан 233 млрд теңге шығын келгенін мәлімдеді