Енді қазақстандық жүргізушілер өзімен бірге тек жеке куәлігін алып жүрсе жеткілікті. Себебі көлік иесі туралы қалған мәліметтерді полицейлер планшеттен көре алады. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты. Бұл туралы Жаңалықтар кз телеграм арнасы жазды
⠀
«Біз жүргізушілердің өзімен бірге құқық белгілеуші құжаттарды алып жүруге міндеттелмейтін норма енгізгіміз келеді. Жеке куәлік қана болса жеткілікті, сол құжат арқылы планшеттен көлік иесіне қатысты мәліметті, ол көлікке қанша сенімхат жазылғаны, сақтандыру құжаты қашан аяқталатыны, техникалық тексеруден қашан өткені және қанша айыппұлы бары туралы көрінеді», – деді министр Мәжіліс отырысында.
⠀
Сондай-ақ, Тұрғымбаевтың айтуынша, полицейлер қолданатын планшеттер көшелерде орнатылған видеокамераламен байланыста болады.
⠀
Министр мұндай жүйенің Еуропаның бірнеше елінде бар екенін айтады.
⠀
«Бұл тек Қазақстан аумағында іске асатын норма, басқа мемлекетке барған кезде, әрине, құқық белгілеуші құжаттар болуы керек», – деді министр.
Көлік жүргізушілері енді жеке куәлікпен-ақ жүре берулеріне болады
Көлік туралы бүкіл мәлімет полицияның планшетінде болады
Сондай-ақ оқыңыз
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
1 миллионнан астам қазақстандық телемедициналық консультация алды
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
Алтынай Жорабаеваның қыз ұзатуда айтқан әні хит болды (видео)
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Қазақстанда картоп, қызанақ және алма бағасы арзандады
-
Оқу уақыты ~ 4 мин.
«Қазмырыштың» миллиондаған доллар пайдасы кімнің қалтасына түсіп жатыр
-
Оқу уақыты ~ 4 мин.
1,5 кг гантельмен бұлшықет өсіруге бола ма – фитнес жаттықтырушы жауап берді
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
«Алдымыздан өткен жоқ»: Ұлдана Мырзуаның анасы мәлімдеме жасады
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
"Қазақстан барысы" атанған палуан Аягөз ауданының әкімі болды
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Германияда аптап ыстықтан 10 мыңға жуық адам көз жұмды
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Алматы облысында жанармай құю бекетін тонағандар ұсталды (видео)
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
Оңтүстікте аптап ыстық: 31 шілдеге ауа райы болжамы қандай
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
Миллионер Қаныбековке тиесілі әуе компаниясы былтыр 1,2 млрд теңге таза пайда тапқан
-
Оқу уақыты ~ 4 мин.
«Фридом Финанс» «ҚазТАГ» материалдарынан 233 млрд теңге шығын келгенін мәлімдеді