ҚР аумағында болғысы келетін шетелдік азаматтарға қатысты енгізілген өзгерістер биыл қаңтардан бастап күшіне енді. Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алу үшін олар төмендегі нұсқаулықтарды орындауы қажет, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жұмысқа, оқуға, емделуге, отбасымен бірігуге келген шетел азаматтары, бизнес бойынша көшіп келушілер уақытша елде болуға рұқсат ала алады. Оларға елде бір жылға қалуға құқық беріледі. Келуге негіз болатын құжаттары болуы шарт. Жұмысқа рұқсаттың немесе еңбек келісімінің болуы; оқу үшін – оның оқығаны туралы құжаттың болуы; емделу үшін – стационарлық емделуде тұрғаны туралы анықтаманың болуы міндетті. Отбасына келу мақсатында уақытша тұруға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттар:
1) өтініш-сауалнама;
2) ақпараттық жүйелерге мәліметтерді енгізу үшін шетелдіктің не азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын жарамды құжат (құжаттар өтініш беруші адамға қайтарылады);
3) шақырушы адамда қаражаттың болуын растау үшін банк шотынан үзінді көшірме немесе жалақы туралы анықтама (2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі бір адамға 31 183 теңгені құрайды);
4) шақырушы адамның меншігінде тұрғын үйдің бар екенін растайтын ХҚКО-нан анықтама немесе тұрғын үй иесінің (жалға берушінің) келісімі;
5) шетел азаматына (бірге болған жағдайда оның отбасы мүшелеріне) медициналық сақтандыру немесе МӘМС қатысқанын растайтын анықтама (ҚР бұрынғы азаматтары үшін);
6) шақырушы адаммен отбасылық қатынастарды растайтын құжаттардың көшірмелері (түпнұсқалармен салыстырылған);
7) шетелдік азаматтың соттылығының бар не жоқ екенін растайтын анықтама. УТР-ға өтініш беруге кімнің құқығы бар? 1) кәмелеттік жасқа толған, ҚР заңнамасымен танылатын некеде кемінде үш жыл тұрған жұбайы; 2) он сегіз жасқа толмаған, некеде тұрмайтын және демеушінің асырауында және/немесе қамқорлығындағы, оның ішінде асырап алған балалары; 3) он сегіз жастан асқан, некеде тұрмайтын, денсаулық жағдайына байланысты себептер бойынша өзін өзі қамтамасыз етуге қабілетсіз, оның ішінде асырап алған балалары; 4) демеушінің асырауындағы, еңбекке жарамсыз ата-аналары; 5) оларды ұстау демеушінің міндеті болып табылатын, отбасының өзге де мүшелері, демеушінің отбасын біріктіру мақсатымен елге келуші отбасы мүшелері бола алады. Визасыз кіру кезінде шетелдіктердің болу мерзімі шекарадан өткен күннен бастап 30 күнтізбелік күннен, сондай-ақ әрбір кезең ішінде 180 күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
Қазақстанда уақытша тұру үшін шетел азаматына рұқсат қалай беріледі?
7 түрлі талапты қатаң ұстануы керек
Сондай-ақ оқыңыз
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
2026 жылдың екінші жартысында тұрғын үй бағасы қымбаттай ма: сарапшы пікірі
-
Оқу уақыты ~ 4 мин.
«Қазмырыштың» миллиондаған доллар пайдасы кімнің қалтасына түсіп жатыр
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Мұхаммед пайғамбарға тіл тигізген Петропавл тұрғыны сотталды
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
Алтынай Жорабаеваның қыз ұзатуда айтқан әні хит болды (видео)
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Астанада робот-курьерлер тапсырысты тегін жеткізіп жүр
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
Оңтүстікте аптап ыстық: 31 шілдеге ауа райы болжамы қандай
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Германияда аптап ыстықтан 10 мыңға жуық адам көз жұмды
-
Оқу уақыты ~ 4 мин.
«Фридом Финанс» «ҚазТАГ» материалдарынан 233 млрд теңге шығын келгенін мәлімдеді
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Алматы мен Измир арасында тікелей әуе рейсі ашылды
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Қазақстан зауыттарында Ресей мұнайы өңделуі мүмкін
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
450 мың бала мектепке дайындалуға 23 млрд теңге көмек алады
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
Ресейдің хоккей құрамасы 2027 жылға дейін халықаралық жарыстардан шеттетілді