Демалыс күндері судан 11 адам құтқарылды
Демалыс күндері Шығыс Қазақстан облысында 11 адам суда құтқарылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.
Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс ТЖК ерекше бақылауында. Суда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, ТЖК алдын алу жұмыстарын жүргізеді, күн сайын азаматтық
қорғау органдары мен полиция қызметкерлерінің қатысуымен рейдтер мен патрульдеу жүзеге асырылады.
Ағымдағы жылдың басынан еліміздің су айдындарында 109 адам, оның ішінде 24 бала құтқарылды. Ал суға шомылу маусымы басталғаннан бері (1 маусым) 87 адам, оның ішінде 16 бала құтқарылды. Мәселен, өткен демалыс күндері Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Ертіс өзенінде құтқарушылар 1991 жылы туған ер адамды құтқарды.
Сондай-ақ Алтай ауданының Бұқтырма су қоймасында құтқарушылар «Бипек Авто» АҚ Өрт сөндіру катерін тарта отырып «Голубой залив» демалыс базасына екі үрмелі қайықпен сырғанап, желдің салдарынан өз бетімен жағалауға қайтып келе алмаған 10 адамды, оның ішінде 4 баланы жеткізілді.
Сонымен қатар, адамдар өз күштерін жете бағаламай, өзінің бейқамдылығына байланысты суға шомылуға арналған жабдықталған орындарда суға батады. Әрбір адам суға шомылатын су айдынының қауіпті орындары мен ерекшеліктерін білуі тиіс, өйткені жабдықталмаған жерлерде үйінділер, суға батырылған бөренелер, темір кесектері, шыны және басқа да заттар болуы мүмкін. Жақын келе жатқан катерлерге, кемелерге және моторлы қайықтарға жүзу өте қауіпті, себебі жүзу құралдарының түбіне жақын жүзіп бара жатқан адамның суын созған жағдайлар орын алды.
Жазғы демалыс кезінде балалардың суайдындарына, суаратын арықтар мен каналдарға жақын орналасуы үшін ата-аналардың жауапкершілігіне ерекше назар аударғым келеді.
Сонымен қатар, суға шомылу кезеңінің басынан бастап (ағымдағы жылдың 1 маусымынан 26 шілдесіне дейін) өз күштерін бағаламау себептері бойынша, суға шомылу кезінде алкогольдік мас күйінде, суға батушыны құтқару және балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру кезінде 159 адам (2019 жылы 204), оның ішінде 47 бала (2019 жылы 70 бала) суға кетіп, көз жұмды.