Банк пен қаржы

БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 12,2 трлн тг асты

Жыл басынан бергі төлемдер 117,5 млрд теңгені құрады

БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 12,2 трлн тг асты. Бұл туралы  «БЖЗҚ» АҚ-ның ресми телеграм-арнасы хабарлады.

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы неден құралды :

– міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) – 11,9 трлн теңге 
– міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) – 294 млрд теңге
– ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – 2 млрд теңгеден асты.

Жыл басынан бергі төлемдер 117,5 млрд теңгені құрады, оның ішінде:

– зейнеткерлік  жасқа толу бойынша төлемдер – 39,5 млрд теңге,                                                                                 – ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер  – 23,3 млрд теңге, 
– сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 31,5 млрд теңге, 
– мұрагерлерге – 19,8 млрд теңге, 
– жерлеуге – 2,4 млрд теңге берілген.