Ақтөбеде ата-аналар жауапқа тартылды

Жарияланды
Кәмелетке толмағандар балалар арасындағы құқық бұзушылыққа байланысты

Ақтөбеде кәмелетке толмағандардың ата-аналарының қатысуымен профилактикалық және түсіндіру сұхбаты өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдер арасындағы қылмысқа қарсы іс-қимыл мақсатында Ақтөбе қаласы ПБ ювеналды полиция қызметкерлері күн сайын жергілікті рейдтік жұмыстар жүргізеді. 

Мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және азайту, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болу және басқа да құқық бұзушылықтар фактілерін анықтау. Ювеналды полиция қызметкерлерінің рейдтік жұмыстарының нәтижесінде қалалық полиция бөлімдеріне бір күн ішінде 46 кәмелетке толмаған бала жіберілді. Бір жасөспірімнен пышақ тәркіленді. Барлық кәмелетке толмағандардың ата-аналарының қатысуымен профилактикалық және түсіндіру сұхбаты өткізілді, сондай-ақ 26 ата-ана ҚР ӘҚБтК 442-баптың 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау – ересектердің басты міндеті. Ақтөбе қаласының Полиция басқармасы ата-аналардан балаларының орналасқан жерін бақылауды және демалыстарының сәтті өтуі үшін барлық жағдайды жасауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыз