Қазақстан үкіметі отставкаға кетуі тиіс – Қ.Тоқаев

Жарияланды
Мемлекет басшысы Мәжілістің жаңа құрамына үндеу жасайды

Заң бойынша ел  үкіметі отставкаға кетуі тиіс.  Бұл жөнінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев  мәлімдеді. 

Мемлекет басшысы сайлау аяқталғаннан кейін Парламентке премьер-министрдің, үкімет мүшелерінің кандидатурасы бойынша фракция жетекшілерімен кеңесуге баратынын айтты. 

«Реформалар дайындалып жатыр, реформалар тоқтамауы керек. 15 Қаңтарда мен Парламентте Мәжілістің  жаңа құрамына үндеу тастаймын. Содан кейін ҰҚСК (ұлттық қоғамдық сенім кеңесі) отырысы өтеді, онда реформа мәселелерін кеңінен талқылаймыз», – деді ол. 

Сонымен қатар мемлекет басшысы сайлаудың әділ өтеріне сенім білдірді. Сайлаудың әділ өтуіне барлық жағдай жасалған деді Президент. 

Сондай-ақ оқыңыз