Мұсылмандарға індетке қарсы вакцина салдыруға бола ма

Жарияланды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы індетке қарсы вакцина салуға қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы індетке қарсы вакцина салуға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайты хабарлады.

 «Ислам дінінде адамның өмірі мен денсаулығынан асқан құндылық жоқ. Сондықтан әрбір адам өз денсаулығына аса мән беруі қажет.
Алла Тағала «Бақара» сүресінің 195-аятында: «Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар», – деп бұйырған.
Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Емделіңдер, расында Алла әрбір дертті шипасымен қоса жаратты», – деген.                                                                                                        Дана халқымыз: «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», – деген. Сол үшін кез келген адам емделудің және аурудың алдын алу жолдарын қарастыруы тиіс.»-деген мәлімдемеде.

Арнайы медицина мамандары қазіргі таңда әлемге қауіп төндірген коронавирус індетінің алдын алу үшін вакцинациялаудың адам денсаулығын сақтап қалудың қауіпсіз және тиімді әдіс екенін айтуда.

Ал шариғат бойынша зәру жағдайда екпе салуға болады. Алайда екпе салдыру – әр азаматтың өз еркі.

 

Сондай-ақ оқыңыз