Германияда енгізілген локдаун кем дегенде 7 наурызға дейін жалғасады

Жарияланды
Австралияның Мельбурн қаласында індетке байланысты 5 күндік шектеулер шаралары енгізілуі мүмкін

Мельбурн қаласында (Австралия) коронавирустық инфекцияның жаңа жағдайларының анықталуына байланысты 5 күндік шектеулер шаралары енгізілуі мүмкін. Қаладағы карантиндік қонақ үйде 13 жаңа расталған SARS-CoV-2 жағдайы анықталған. Үкімет қатаң локдаунды енгізу жоспарын, оның ішінде шұғыл қажеттіліксіз үйден шығуға тыйым салуды енгізуді қарастыруда. Сонымен қатар, Австралия ашық теннис чемпионатын ұйымдастырушылар 13 ақпаннан бастап және келесі бес күн бойынша барлық матчтар көрерменсіз өтетіндігін хабарлады. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

Германияда енгізілген локдаун кем дегенде 7 наурызға дейін жалғасады. Азық-түлік сатылмайтын дүкендер, қонақ үйлер, мейрамханалар, фитнес-орталықтар, кинотеатрлар және басқа да көптеген коммерциялық және мәдени мекемелер жұмысын қайта бастай алмайды. Германия канцлері Ангела Меркель Бундестагта сөйлеген сөзінде локдаунның енгізілуі демократия қағидаларын бұзбайтынын және қазіргі шектеу шаралары себептері жойылғанша күшінде қалатынын айтты.

Чехия Парламенті 2020 жылдың 5 қазанында енгізілген төтенше жағдай режимін ұзартпауға шешім қабылдады. 15 ақпаннан бастап дүкендер, мұражайлар, театрлар, спорт нысандары ашылуы мүмкін. Алайда, елдің Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау жүйесіне ауыр салмақ түсетінін айтып, бұл шешімді қатты сынға алды. Кейбір аймақтар, сның ішінде Прага қаласының билігі, жергілікті локдаун енгізетіндіктерін мәлімдеді.

Черногория ресейлік «Спутник V» вакцинасының әкелінуге рұқсат берді, препараттың алғашқы дозалары келесі аптада жеткізіледі.

АҚШ ағымдағы жылдың шілде айының соңына қарай 300 млн тұрғынды КВИ қарсы екпе егуге ниетті, бұл туралы ел президенті Джо Байден мәлімдеді. Оның айтуынша, Вашингтон BioNTech/Pfizer және Moderna вакциналарының тағы 200 миллион дозасын сатып алуға келісім шарт жасаған. АҚШ-та шамамен 328 миллион адам тұрады.

 

Сондай-ақ оқыңыз