Моңғолия келесі аптада COVID-19-қа қарсы вакцинациялауды бастайды

Жарияланды
23 ақпаннан бастап

Моңғолия келесі аптада COVID-19-қа қарсы вакцинациялауды бастайды, деп хабарлайды Анадолу сайты.

Денсаулық сақтау министрі С.Энхболд брифингте айтқанындай, Моңғолияда COVID-19-қа қарсы вакцинация 23 ақпанда басталады деп жоспарлануда.

Өткен аптада премьер-министр Л.Ойун-Эрдэнэ Моңғолия Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған AstraZeneca және Pfizer-BioNTech вакциналарын сатып алу туралы келісімдер жасасып жатқанын растады, сонымен қатар Sputnik V және Sinopharm вакциналарын мақұлдауын күтуде.

  «Бірінші кезеңде Моңғолия 300 мың доза вакцина алады», – деп қосты премьер-министр.

 

Сондай-ақ оқыңыз