Жарты миллионға бағаланған мысты кім ұрлады ?
Шығыс Қазақстан Облысында ЖШС аумағынан жарты миллион теңгеге мыс ұрланды. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Ағымдағы жылдың наурыз айының басында Өскемен қ. ПБ Үлбі полиция бөліміне 32 жастағы кезекші супервайзер ЖШС-нің бірінде кіреберісте ұрының ұсталғанын хабарлады.
42 және 46 жастағы екі ер адам ЖШС мыс балқыту цехының аумағынан мыс шығаруға тырысқаны анықталды. Материалдық шығын 500 000 теңгені құрады.
– Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді полиция бөліміне жеткізілді, тергеу әрекеттерін жүргізу барысында олар өз кінәларын мойындады. Іс бойынша заттай дәлелдемелер алынды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.