Алимент төлемеген «әке» темір торға тоғытылды

Жарияланды
Ол бес жылдан астам баласын күтіп-бағуға тиесілі алиментті төлемеген

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны бес жылдан астам баласын күтіп-бағуға тиесілі алиментті төлемегені үшін 2020 жылы бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу және 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекке тарту түріндегі жазаға сотталған, алайда сот үкімін тиісінше орындамаған азамат қазіргі таңда темір торға тоғытылды, – деп хабарлайды Polisia.kzсайты. 

Оның бес жылғы қарызы екі миллион теңгеден асқан. Ол жазасын өтеу кезеңінде алимент төлемеуді жалғастырған және де мәжбүрлі еңбектің бар болғаны төрт сағатын ғана орындаған. Сонымен қатар оның бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны анықталды. Сотталғанға қатысты жинақталған құжаттар сот қарауына жолданып, сот шешімі бойынша есептегі азамат енді жазасын темір тордың арғы жағында өтейтін болады. 

 ««Пробация» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында ШҚО бойынша ҚАЖД Үлбі аудандық пробация қызметінің қызметкерлері жаза өтеу шарттарын бұзған есепте тұрған 22 адамға қатысты материалдарды сотқа жіберді. Сот қаулысымен үш сотталған бас бостандығынан айыру орындарына жіберілді», – деді пробация қызметкері Алмас Бұйратов.
 

Сондай-ақ оқыңыз