Алматы мен Шарджа қалалары арасында рейстер қайта ашылады
Алматы мен Шарджа қалалары арасында рейстер қайта ашылады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 23 сәуірдегі шешіміне сәйкес 2021 жылғы 1 мамырдан бастап Алматы мен Шарджа қалалары арасында аптасына 3 рет тұрақты рейспен ұшуға рұқсат етілді.
Атап айтқанда, Алматы мен Шарджа қалалары арасындағы тұрақты рейстерді «Air Arabia» әуе компаниясы 2021 жылғы 21 мамырдан қайта бастайды.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-320/321 әуе кемелерімен аптасына 3 рет (3, 5 және 7-ші күндері) орындалады.