Путин Қазан қаласында балаларды құтқарған мұғалімдерді марапаттауды тапсырды
Жарияланды
Президент ұстаздардың шабуыл кезіндегі әрекеттерін жоғары бағалады
Ресей президенті Владимир Путин Қазан қаласындағы гимназия қызметкерлері мен оқытушыларының шабуыл кезіндегі әрекеттерін жоғары бағалап, олардың мемлекеттік марапаттарға лайық екенін айтты. Бұл туралы interfax.ru сайты хабарлады.
Ресей үкіметінің мүшелерімен кездесуде Ресей басшысы мұғалімдер барлық балаларды жақындары сияқты құтқаратынын баса айтты. Ол гимназияның мұғалімдері мен басқа қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттауды тапсырды.
«Жас қыз, ағылшын тілі мұғалімі Эльвира Игнатьева сияқты, ол да өз өмірін шәкірттері үшін құрбан етті» деді Путин.