Израильде бетперде кию талабы алынды
Бетперделерді кию талабы алынды. Израильдің тұрғындары қоғамдық орындарда қорғаныс маскаларын киюге міндетті емес. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
Бұл – коронавирустық пандемияға байланысты енгізілген соңғы шектеулердің бірі. Елде тек шетелдіктердің кіруіне тыйым салатын талаптар алынған жоқ. Израильге тек ерекше отбасылық немесе жұмыс жағдайлары бойынша кіруге рұқсат етілген.
Вакцинация төлқұжатымен Прагаға. Чехия «Спутник V» немесе «Sinopharm» вакциналарымен егілген Словакия, Венгрия және Сербия тұрғындарына ПТР зерттеудің теріс нәтижесі бар анықтамасыз, сондай-ақ, міндетті карантинсіз елге кіруге рұқсат берді. Бұл туралы Чехияның денсаулық сақтау министрі Адам Войтех мәлімдеді.
Непалда коронавирустық инфекциямен күресті жүргізуге қажетті дәрі-дәрмектер тапшы. Пандемия салдарынан ауруханаларда бос орын жоқ. Мұнда ең қажет деген дәрі-дәрмектер мен құрылғылардың тапшылығы байқалуда. Халықаралық ұйымдар қауымдастықты Непалға гуманитарлық көмек ретінде оттегі баллондарын, өкпені жасанды жолмен желдету аппараттарын және COVID-19-ға қарсы екпелерді жеткізуге шақырады. 28,6 млн халқы бар Непалда соңғы тәулікте коронавирустық инфекцияға шалдығу жағдайларының саны 2 049-ға артып, 610 521-ге жетті.