Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандардың саны 6,7 мыңнан асты
Өткен тәулікте 6 797 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Ел бойынша коронавируспен ауырғандар саны 542 мыңнан асты. Ірі қалаларда КВИ жұқтырғандар көп. Нұр-Сұлтан қаласында бір күнде 1537 адамнан коронавирус анықталса, Алматы қаласында бір күнде 1207 кісі вирус жұқтырған.
Түркістан облысынан басқа өңірлердің бәрі «қызыл аймақта» тұр.
Қазіргі кезде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 компонентін 5 188 266 адам, екінші компонентін 3 356 960 адам салдырды.
Бүкіл ел бойынша 87 094 адам коронавирустан (85 163 КВИ+ және 1 931 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 24 328 пациент – стационарда, 62 766 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 1 461 адамның жағдайы ауыр, 306 пациенттің жағдайы өте ауыр, 182 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.