Кім ПТР-тестті тегін тапсыра алады?

Жарияланды
Ол үшін учаскелік дәрігерге бару керек

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев жүкті әйелдер, науқаспен байланыста болғандар және клиникалық белгілері бар тұлғалардың тегін ПТР тест тапсыруы қарастырылғанын атап өтті. 
 

«Мен мұнда ешқандай кедергіні көріп тұрған жоқпын, әр емханада учаскелік дәрігер, кезекшілер бар, сондай-ақ 24/7 телемедицина орталығы жұмыс істейді. Олардың барлығы сізге көрсеткіштер бойынша толық жауап береді және ПТР-тестілеуден қайда және қалай тегін өту керектігін айтады» деді Алматының ҚДС басшысы. 
 

Нариман Табынбаевтың айтуынша, вакциналаудың көп жылдық тәжірибесі көрсеткендей, инфекцияларға қарсы күресте екпе салудан өзге бірде бір тиімді әдіс жоқ.

«Қосымша айтарым, біздің тарапымыздан мұғалімдер арасында екпе салдыру науқаны жүргізілуде. Бүгінде педагогтардың 100%-ы екпе салдырды. Осындай жұмыс жоғары оқу орындарында да жүргізілуде. Студенттерді вакцинамен қамту жалпы санның 28%-ын құрайды. Студенттердің көпшілігі басқа сырттан келетініне байланысты (167 мың студенттің 100 мыңнан астамы) иммундау жұмысы нашар жүріп жатыр»  деді Н. Табынбаев. 
 

Сондай-ақ оқыңыз