Қазақстандықтар жыл басынан бері 228 млрд теңгеден астам жәрдемақы алды

Жарияланды
Бұл тек мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша

Қазақстандықтарға жыл басынан бері мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы түрінде 228 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайты хабарлады.

2021 жылғы қаңтар-шілде айлары аралығында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 180,5 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайына мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 47,8 млрд теңге бағытталды.

2021 жылдың шілде айында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 26,1 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 6,5 млрд теңге жұмсалды.

2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 526,1 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 160,9 мың адамды құрайды.

Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адамдар санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңында белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 49 556 теңгені, асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 40 606 теңгені құрады.

 

Сондай-ақ оқыңыз