Көлігінің алдына мемлекеттік туды жайған жүргізуші жауапкершілікке тартылды
Атырауда көлігінің алдына мемлекеттік туды жайған атыраулық жүргізуші жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Атырау қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері Еркінов-Амандосов көше қиылысында Қазақстан республикасының мемлекеттік туын автокөлігінің капотына жауып келе жатқан Kia Rio автокөлігін анықтады.
Хабарлама бойынша Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жіберілді. Аталған автокөліктің 38 жастағы жүргізушісі Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану ережесін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 458-бабы 1-бөліміне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қысқартылған тәртіппен 72 925 теңге көлемінде айыппұл салынды.