2021 жылғы қаңтар-шілдеде 504027 жеңіл автомобиль тіркелген

Жарияланды
2020 жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 21,8%-ға көп

2021 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстан Республикасында 504027 жеңіл автомобиль тіркелген, 2020 жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 21,8%-ға көп. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Қазақстан Республикасында 2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3833,3 мың бірлікті құрады.

2021 жылғы қаңтар-шілдеде 7180 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 10550 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 14,5%-ға көбейді.

2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 21,3 млрд. теңге сомасында 48104 сақтандыру төлемін жүзеге асырды.
 

Сондай-ақ оқыңыз