Қытайда жолаушылар кемесі аударылып, 8 адам қаза тапты

Жарияланды
Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда

Қытайдың оңтүстік -батысындағы Гуйчжоу провинциясында жолаушылар кемесі аударылып, 8 адам қаза тапты.Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Синьхуа ақпарат агенттігінің хабарлауынша, хабарсыз кеткендер тізімінде тағы 7 адам бар.

Осы кезде 31 адам құтқарылды.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Сондай -ақ, билік кемеде қанша адам болғанын анықтауға тырысуда.

 

Сондай-ақ оқыңыз