Қазақстанда машина жасау саласының көрсеткіштері өсуде
Жарияланды
Биыл 22,8% деңгейде тұрақты өсімді көрсетті
Машина жасау саласы 2021 жылдың 9 айында 22,8% деңгейде тұрақты өсімді көрсетті. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.
Өсім негізінен:
автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер (+31,6%),
машиналар мен жабдықтар (+38,7%),
басқа көлік құралдарын өндіру (+50,5%),
компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар (+25,4%),
электр жабдықтары (+2,6%),
жөндеу және орнату (+6,5%) есебінен болды.