Грузияда коронавирустың бесінші толқыны басталды
Грузия коронавирустың таралуының бесінші толқынының басталғанын мәлімдеді. Республиканың денсаулық сақтау министрлігі жергілікті тұрғындарды тағы да вакцинациялауға шақырды. Әзірге коронавирустық вакцинаның екі компонентін 900 916 адам алды, бұл республика халқының 24,2% құрайды. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
Сауд Арабиясы әуежайлардың толық өткізу қабілеттілігін қалпына келтірді. Сауд Патшалық бұған дейін «халықты иммундау және коронавирустық инфекциялардың төмендеуіне байланысты көптеген шектеулердің жойылатынын» жариялаған болатын.
Вьетнам халықты COVID-19-ға қарсы вакцинациялау үшін «Спутник V» қолдана бастады. Препарат Хошиминдегі үш егу пунктіне түсті. 2022 жылдың маусымына дейінгі кезеңде Вьетнамға РТИҚ пен екі вьетнамдық компания арасындағы үш жақты келісім бойынша «Спутник V» вакцинасының 40 млн доза жіберіледі.