Қытайда жасанды интеллектке негізделген «прокурор» ойлап тапты
Жарияланды
Ол істі ауызша сипаттағаннан кейін 97 пайыздан жоғары дәлдікпен айып таға алады
Қытай ғалымдары жасанды интеллект арқылы адамдарды қылмыс жасады деп айыптай алатын әлемдегі алғашқы машинаның жасалғанын хабарлады. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлайды.
Олардың айтуынша, жасанды интеллектке негізделген «прокурор» істі ауызша сипаттағаннан кейін 97 пайыздан жоғары дәлдікпен айып таға алады. Машинаның өзі Шанхай прокуратурасының бірінде сынақтан өткен.
Технология прокурорларға жұмыстағы күрделірек тапсырмаларға назар аударуға мүмкіндік беру арқылы олардың күнделікті жүктемесін азайтуға көмектеседі, дейді сарапшылар.
Кейбір неміс прокурорлары істі өңдеу жылдамдығы мен дәлдігін арттыру үшін кескінді тану және цифрлық криминалистика сияқты жасанды интеллект технологияларын пайдаланып жатқаны атап өтілді.