Тоқаев бизнесті адал бәсекелестік пен әлеуметтік жауапкершілікке шақырды

Жарияланды
Президент кәсіпкерлерді жаңа экономикалық саясат бойынша бірлескен жұмысты бастауға шақырды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республиканың бизнес-қауымдастығын жаңа экономикалық саясатты құруда бірлесіп жұмыс істеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы жаңа экономикалық саясаттың негізгі қағидаттары адал бәсекелестік, қабылданатын шешімдердің ашықтығы, мемлекеттік саясаттың болжамдылығы, бизнестің салықтық адалдығы, кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі болуы керектігін баса айтты.

 «Әлеуметтік-экономикалық реформаларды табысты жүзеге асыруға дәл осы ірі бизнес, біздің буржуазия мүдделі екендігіне түбегейлі сенімдімін. Сондықтан да елдің дәл осы бизнес элитасының жоғалтып алары бар. Бірақ, сонымен қатар өз ісін одан арпы кеңейту үшін де жақсы мүмкіндіктер бар», – деп қосты президент.

Тоқаевтың айтуынша, жаңа экономикалық саясат жаңа Қазақстанның негізі болуы керек.

Сондай-ақ оқыңыз