Қазақстанда индустриялық жобаларға 4,7 трлн теңге жұмсалмақ

Жарияланды
45 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылады

Қазақстанда жалпы құны 4,7 трлн теңгеден асатын 254 индустриялық жоба жүзеге асырылмақ. Бұл туралы үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Осы жобаларды іске асыру  нәтижесінде 2025 жылға қарай 46 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылатын болады.

Смайылов металлургия, машина жасау және құрылыс саласы ірі кәсіпорындарының айналасында шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі кешенді бағдарлама индустриялық саясаттың маңызды элементі болатынын атап өтті. Оның айтуынша, өнеркәсіптік кәсіпорындар инфрақұрылымға (жер, газ, су, электр) тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Бұған дейін Үкімет басшысы елдегі өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,8%-ға артқанын хабарлаған еді. 
 

Сондай-ақ оқыңыз