Шымкент қалалық полиция қызметінің бұрынғы бастығының үстінен іс қозғалды
Жарияланды
(жаңартылды )
Қызметтік бабын пайдаланып, алаяқтық фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде
Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Шымкент қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығына қатысты қызмет бабын пайдалана отырып алаяқтық фактісі бойынша (Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша) сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде М. Бұхарбаев қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128, 131-баптарының тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.