2022 жылы елорда тұрғындарына медициналық көмек көрсетуге 197,5 млрд теңге бөлінді
Дәрі-дәрмек құны 4,4 млрд теңгені құрайды
2022 жылы Нұр-Сұлтан қаласында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде медициналық көмек көрсетуге 197,5 млрд теңге бөлінді.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ елордалық филиалының баспасөз қызметі хабарлағандай, оның 101 миллиард теңгесі мемлекеттік міндетті медициналық сақтандыруға, 94,5 миллиард теңгесі міндетті медициналық сақтандыруға тиесілі.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 114 денсаулық сақтау ұйымымен келісім-шартқа отырды, оның 77-сі жеке клиникалар. Медициналық қызмет көрсетушілердің тізімі қор сайтында орналастырылған. Өңірлік тұрғыда елордадағы жеке жеткізушілердің үлесі 67 пайызды құрайды.
2021 жылы оңалту қызметін көрсету мақсатында елордада 45 медициналық ұйыммен келісім-шарт жасалды, оның 20-сы жекеменшік, 22-сі мемлекеттік, 3-уі республикалық.
Бұл ретте өткен жылмен салыстырғанда хирургиялық операциялар саны 16,5%-ға артты. Жоғары технологиялық медициналық көмекті қолдану арқылы міндетті медициналық сақтандыру бойынша қосымша 4,4 млрд теңгеге 1,5 мың қосымша қызмет көрсетілді.
Филиалдың баспасөз қызметі 565 науқасқа кардиохирургиялық операция, нейронавигациялық жүйені қолдану арқылы 71 нейрохирургиялық операция, 70 ортопедиялық операция жасалғанын түсіндірді.