Алматылықтардың көпшілігі заңды тұлғаларын ХҚО-ға бармай-ақ онлайн тіркей бастады
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша қызметтердің бірі – шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны, олардың филиалдары мен өкілдіктерін (шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін) есептік тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет толық автоматтандырылған. Ол үшін электронды үкімет веб-порталында электрондық хабарлама толтырып жіберсеңіз болғаны. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ баспасөз қызметі хабарлады.
«ЖШС ашу үшін, жаңа іс бастаған кәсіпкерге жарғы қажет емес, тіркеу жарнасын төлеудің немесе салық органына барудың қажеті жоқ. Тек компьютер мен электрондық цифрлық қолтаңбасы болса жеткілікті. egov.kz сайтында ЖШС тіркеу нұсқауларын орындасаңыз, жарты сағатқа жетпей нәтижесі шығады», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры Абдурасул Кулдашов.
Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға құрылтайшы (құрылтайшылар) ҚР ӘМ белгілеген нысан бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама береді. Электрондық хабарлама электрондық үкімет веб-порталында толтырылады және беріледі.
Бұл ретте шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғылары (ережелері) мемлекеттік тіркеу процесінде ұсынылмайды.
Тиісті өрістерді толтырғаннан кейін жүйе барлық деректердің дұрыстығын тексеруді сұрайды.
Филиал директоры Абдурасул Мақсұдұлының айтуынша, егер бәрі дұрыс болса, жүйе ақпаратты өңдеп, ЖШС-нің тіркелгендігі жайлы анықтаманы 30 минутта (максимум) береді. Егер портал жақсы жұмыс істесе, анықтама 10 минутта дайын болады.
Осылайша, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі egov.kz порталындағы жеке кабинетте әрдайым қолжетімді және тіркелгенін растайтын құжаттарды алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінудің қажеті жоқ.
Жыл басынан бері Алматы қаласы бойынша тіркелген 4390 заңды тұлғаның 4232-і онлайн тіркелген. Тек 158-і ХҚО-ларға келіп өтініш берген.
Ал, қайта тіркеуге өтініш берген 3061 заңды тұлғаның 2907-і онлайн, 154-і ХҚО арқылы өтініш берген.
Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтердің 96%-ын ХҚО-ға келмей-ақ алуға болатынын еске салады – олар eGov мобильдік қосымшасы, Egovkzbot2.0 Telegram-бот және Egov.kz. электрондық үкімет порталы арқылы онлайн қолжетімді. «