Елімізде өткен тәулікте тоғыз адамда індет анықталды

Жарияланды

140-тан астам науқас емделуде

Өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19 инфекциясының тоғыз жаңа жағдайы анықталды.

Қазақстанда барлығы 1 305 769 адам коронавирус жұқтырған.

Пандемия басталғаннан бері 13 662 адам қайтыс болды, соңғы тәулікте бірде-бір науқас қайтыс болған жоқ.

Коронавирустық пневмонияның 8 жағдайы анықталды (2020 жылғы 13 наурыздан бастап – 89 166), науқастар қайтыс болған жоқ (барлығы – 5 354).

Қазір 141 адам ауырып жатыр, оның 45-і стационарда, 96-сы амбулаторлық емделуде. Жағдайы ауыр – 8 науқас, өте ауыр жағдайда – 0, жасанды тыныс алу аппаратында – 0.

Коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші құрамдас бөлігі – 9 506 796 адам, екіншісі – 9 284 334 адам, күшейткіш (ревакцинация) – 4 503 877 адам.

Сондай-ақ оқыңыз