759 млрд теңге салық берешегі қайдан қалыптасты?
Мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілгендер мен жұбайларының кірісі мен дүние-мүлкі туралы декларацияны талтыруда жіберілген қате салдарынан 759 млрд теңге сомасында салық берешегі қалыптасқан.
Мемлекеттік кірістер қызметінің хабарлауынша, жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінің қорытындысында, 11 мың мемлекеттік қызметші тапсырған декларацияда қате кеткен.
Декларацияларды талдау көрсеткендей, өздігінен салық салынатын табысы болмаса да, бюджетке төленетін жеке табыс салығының сомасы дұрыс көрсетілмеген.
Мемлекеттік кірістер комитеті декларацияны азаматтар өз бетінше тексеру қажетін ескертеді.
Қате толтыррған жағдайда декларацияның «Е» бөлімінде жеке табыс салығының сомасын кемітіп, қосымша декларация тапсыру керек.
Қателер түзетілмесе, жеке сот орындаушылары салық бұйрықтары негізінде банктік шотты жабуы мүмкін. Декларацияны дұрыс толтыру бойынша тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына жүгіну қажет.