Қырғызстанда алтын кендерін экспорттауға тыйым салынды
Жарияланды
Жарлыққа президент Садыр Жапаров қол қойды
2023 жылдың 1 мамырынан бастап Қырғызстаннан алтын рудасын және алтын концентратын экспорттауға уақытша тыйым салынды. Жарлыққа президент Садыр Жапаров қол қойды.
Алты ай мерзімге тыйым салынады. «Қара-Балта тау-кен комбинаты» ашық акционерлік қоғамына елде өндірілген алтын кені мен алтын концентратын өңдеуге айрықша құқық берілген.
Мемлекеттік кеден және шекара қызметтеріне тауарларды заңсыз әкетуге жол бермеуге бағытталған шараларды қабылдау тапсырылды. Министрлер кабинетіне 2023 жылдың 1 қарашасынан бастап алты ай сайын тыйым салуды жаңарту тапсырылды.