ОПЕК: мұнай өндіруге жылына 500 млрд доллар инвестиция қажет
Жарияланды
Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) бас хатшысы Хайсам әл-Гайс болашақ жаһандық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мұнай өндіруге инвестицияны ұлғайтуға шақырды, деп хабарлайды Bloomberg.

«Мұнай өнеркәсібі бірнеше жыл бойы «инвестицияның жетіспеушілігінен» зардап шегіп келеді», деді әл-Гайс.
Оның бағалауы бойынша, 2045 жылға дейін бұл саланы инвестициялауға жыл сайын 500 миллиард доллар қажет болады.