2022 жылы коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға алу 1,8%-ға қымбаттады
Жарияланды
2022 жылдың 4-тоқсанында коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға алу 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8%-ға қымбаттады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Мейрамханалар мен тамақтану орындарын жалға алу бағасы ең жоғары өсім көрсетті. Осылайша, қойма, мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану пункттерін жалға алу бағасы 4,1%-ға өсті.
Автокөлік жуу пункттерін жалға алу 4,3%-ға қымбаттады, одан кейін тұрмыстық қызмет көрсету, сервис пункттері – 3,8%-ға, валюта айырбастау орындары – 3,4%-ға, сауда үйлеріндегі орындар – 1,9%-ға, паркингтер – 1,5%-ға, әкімшілік-кеңсе орындары 1,4%-ға қымбаттады.