Енді Ұлыбританияда 4 күндік жұмыс аптасы енгізіледі
Жарияланды
Негізінен мұндай жобалар Ұлыбританиядан бөлек, Испания мен Исландияда да қолға алынды. Қазіргі таңда Ұлыбританияда мұндай мүмкіндік тек 18 компанияда бар. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.
![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2023/02/4-kundik-zhumys-1024x461.jpg)
Бұл – білім беру, ақпараттық технологиялар мен қаржы саласындағы ұжымдар. Тағы 38 ұйымға тиісті кесте бойынша жұмыс істеу ұсынылды. 4 күндік жұмыс аптасына қатысты пилоттық жоба былтыр іске қосылған еді. Ол жақсы нәтиже көрсеткен.
Тәжірибеге қатысқан компаниялардың табысы үштен бірге артқан. Қысқартулар саны азайған. Қызметкерлердің 40%-і күйзелістен біршама айыққандарын айтқан.