SPACEX жерсеріктерін ұшырды
Жарияланды
![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2023/02/1559800993_garyshta-neshe-zhasandy-zherserik-bar.jpg)
Американдық «СпейсИкс» компаниясы 21 жерсерігін ұшырды. Бұл туралы 24.kz сайты хабарлады.
Бұлар «Старлинк» жүйесінің екінші толқынына жатады. Falcon 9 зымыран тасығышына тиелген құрылғылар Флорида штатындағы Канаверал мүйісінен Жердің төменгі орбитасына қарай ұшырылды. «Старлинк» Жер шарын шектеусіз интернетпен қамтамасыз етуге арналған ғарыштық жүйе.