АҚШ пен Өзбекстан аймақтық қауіпсіздікті нығайту үшін күш біріктіреді
Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов пен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ташкентте өткен кездесуде Орталық Азиядағы қауіпсіздікті нығайту және екі ел арасындағы іскерлік алмасу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Интерфакс агенттігі.
«Біз бизнес жүргізуге жағдай жасау, Өзбекстанның кадрлық әлеуетін арттыру, Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздікті нығайту үшін күш-жігерімізді біріктіруге келістік», деді Саидов Telegram-каналында.
Ол сондай-ақ АҚШ үкіметінің Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтің реформалық бағытын айнымас және толық қолдауын жоғары бағалайтынын атап өтті.
Күні кеше Қазақстанға ресми іссапармен келген АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесті.
Жоғарыда айтылған кездесулермен қатар Астанада Орталық Азия елдерінің сыртқы істер ведомстволарының басшыларымен С5+1 форматындағы жиынына қатысты. Бұл да әрине, тектен текке ұйымдастырылмаса керек. Кездесуде өңірлік ынтымақтастықты дамыту мәселелері және АҚШ серіктестігі сөз болды.
Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы Бахтиёр Саидов бір күн бұрын Астанада өткен Орталық Азия елдері мен АҚШ министрлерінің С5+1 форматындағы кездесуіне қатысты.