2022 жылы елімізде IT саласында қызмет көрсету 40%-ға өсіп, 772,5 млрд теңге болды
Өткен жылы елімізде бағдарламалау және IT-консультациялар бойынша қызметтер көлемі 40%-ға өскен. 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда компьютерлік бағдарламалау, сондай-ақ консалтинг және басқа да ілеспе қызметтер саласында көрсетілген қызметтердің көлемі 772,5 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ақшалай мәнде 40,3%-ға артық. Бұл туралы Статистика агенттігінен хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, оның ішінде 2,6 млрд теңгенің қызметі ауылдық жерлерде көрсетілген.
Өңірлік бөліністегі үздік үштік мынадай:
Алматы (380,5 млрд. теңге);
Астана (321,5 млрд. теңге);
Қарағанды облысы (17,1 млрд. теңге).
Ал, ең азы – Ұлытау облысында (124,2 млн. теңге).
Оның ішінде кәсіпорындар көрсеткен қызметтер көлемі 737,8 млрд теңгені құрады: шағын кәсіпорындар арқылы 561,7 млрд теңге, ірі кәсіпорындар — 125,8 млрд теңге, орта кәсіпорын — 50,1 млрд теңгеге қызмет көрсеткен.
«Компьютерлік бағдарламалау, консалтинг және басқа да ілеспе қызметтер көрсету саласындағы қызметтер құрылымында ең үлкен көлем бағдарлама әзірлеуде (373,7 млрд. теңге – 48,3%), мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен жүйелерді қалыптастыру және дамыту шеңберінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды басқару жөніндегі қызмет – 58,2 млрд теңге, бағдарламаларды сүйемелдеу – 38,5 млрд теңге. Қызмет көлемінің ең азы киберқауіпсіздік саласында көрсетілген – 8,3 млрд тг», делінген хабарламада.