S&P Global Ratings ҚДБ рейтингі бойынша болжамын жақсартты

Жарияланды
Рейтинг агенттігі ҚДБ-ға қатысты болжамды жақсартты. Фото: shutterstock.com

2023 жылғы 7 наурызда S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ рейтингі бойынша болжамды «тұрақтыға» дейін жақсартты. Рейтингтер «BBB-» деңгейінде расталды, Қазақстан Республикасының егеменді рейтингіне сәйкес келеді. деп хабарлайды қаржы ұйымының баспасөз қызметі.

Осылайша, шетел және ұлттық валютадағы міндеттемелер бойынша ҚДБ эмитентінің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредит рейтингтері «BBB-/A-3» деңгейінде, ұлттық шәкіл бойынша рейтинг «kzAAA» деңгейінде, ал банктің басым қамтамасыз етілмеген облигациялары шығарылымының рейтингі «BBB-» деңгейінде сақталады.

«Біз GCP бағасын ұлттық валютадағы міндеттемелер бойынша Қазақстанның егеменді рейтингісіне теңестіреміз. GCP бағасы топтың жеке несиелік қабілеттілігі туралы біздің пікірімізді жеке тұлға сияқты көрсетеді. Біз қажет болған жағдайда «Бәйтерек» тобының өздерінің қаржылық міндеттемелерін орындау үшін мемлекет тарапынан уақытылы және жеткілікті қолдау алуының «іс жүзінде сөзсіз» ықтималдығын атап өтеміз», – делінген болжамды жақсартуға қатысты S&P Global Ratings хабарламасында.

Сондай-ақ агенттік 2022 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша ҚДБ-ның үлесіне «Бәйтерек» холдингінің жиынтық активтерінің 36% тиесілі екенін атап өтті. Банктің міндеттері «Бәйтерек» холдингінің стратегиясымен тығыз байланысты басым энергетикалық емес секторларға инвестициялар арқылы Қазақстан экономикасының дамуын қолдау болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айының соңында Fitch Ratings агенттігі тұрақты болжаммен «BBB» деңгейінде ҚДБ эмитентінің шетел және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді дефолт рейтингтерін растады. Сондай-ақ Moody’s агенттігі Банктің рейтингтерін «Baa2» деңгейінде «тұрақты» болжаммен растады. Барлық рейтингтер Қазақстан Республикасының егеменді рейтингтеріне сәйкес келеді.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ – Қазақстан аумағындағы ауқымды инфрақұрылым және өнеркәсіп нысандарын қаржыландыруға және дамытуға маманданған ұлттық даму институты.

Сондай-ақ оқыңыз