Әлемде ауасы ең лас қалалар анықталды

Жарияланды

Зерттеу жұмыстарын жүргізген дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандарының айтуынша, әлемде әрбір оныншы адам ауасы лас жерде өмір сүреді екен. Бұл туралы Хабар 24 сайты хабарлады.

Мамандар әлем бойынша ауаның құрамын өлшейтін 30 мыңнан астам қондырғы орнатқан екен.

Пәкістандағы Лахор жаһанның ең лас қаласы. Қытайдың  Хотан шаһары. Үндістандағы Бхивади мен Дели қалалары да бұл тізімде бар. Жалпы, Орталық пен Оңтүстік Азия аймағында Үндістан мен Пәкістанда жағдай өте күрделі. Яғни ауасында зиянды бөлшектердің үлесі қауіпсіз деп танылған деңгейден 7 есе асып тұр.

Сондай-ақ оқыңыз