Ердоған ұлықтау рәсіміне қатысқаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Жарияланды
Тоқаев пен Ердоған
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Анкарадағы «Кулие» сарайында өткен Түркия Республикасының Президентін ұлықтау рәсіміне қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сенбі күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға жұмыс сапарымен келді. Ол Реджеп Тайип Ердоғанды ұлықтау рәсіміне қатысу үшін «Кулие» сарайына келген Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент резиденциясында Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу қарсы алған еді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде Режеп Тайип Ердоғанды Түркия Президенті болып сайлануымен құттықтады.

«Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған сөйлеген сөзінде ұлықтау рәсіміне арнайы келіп қатысқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа шынайы ризашылығын білдірді», делінген хабарламада.

Мемлекет басшысымен қатар салтанатты шараға, 40-тан астам мемлекеттің басшыларын, үкіметтер мен парламенттердің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілерін қоса алғанда, 90-нан астам делегация өкілі қатысты.

Сондай-ақ оқыңыз