2025 жылы бірнеше қазақстандық компания IPO-ға шығады

Жарияланды
ipo
Фото: Shutterstock

2025 жылы бірнеше қазақстандық компания IPO-ға шығады. Бұл жайлы Астанада өтіп жатқан каптал нарығы туралы форумда «Самұрық-Қазына» АҚ Даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Ернар Жанәділ айтты.

«Біз геосаяси жағдайларға қарамастан инвесторлардың  балансын сақтап қалдық. Елімізде шамамен 130 мың инвестор бар. Бұл жақсы көрсеткіш. Сонымен бірге алдағы уақытта бірнеше ірі компнияларды IPO-ға шығаруды көздеп отырмыз. Біріншісі –  «Эйр Астана».  Бұл компнияның табысы 2022  жылы 1 млрд долларды құрады. Компания өз табасынан жақсы дивиденд төлеп жүр. Көптен бері «Эйр Астананы» листингке шығару қажеті айтылып жүрген. Біз оның IPO-ға  толық дайын екенін айтқымыз келеді. Компанияны 2024 жылы IPO-ға шығарамыз деп жосарлап отырмыз. Ол уақытқа дейін нарықтағы құбылмалы жағдай басылып, жоспарымызды сәтті жүзеге асыра аламыз деген үміттеміз», деді Ернар Жанәділ.

«Самұрық- Қазына» өкілі басқа да ірі компаниялардың IPO-ға дайындалып жатқанын, олардың «Эйр Астанадан» соң бір жылдан кейін халықаралық нарыққа өз құнды қағаздарын шығара бастайтынын айтты.

«Бізде «KEGOC» пен ірі темір жол компаниясы бар. «QazaqGaz»  ұлттық компаниясының әлеуеті де жоғары. Қазіргі таңда компания өз портфолиосын дайындап жатыр. Ал жасыл экономикаға келер болсақ, бұл салада бізде «Green Power Generation» компаниясы бар.  Бұл компания жақында ғана француздық Total компаниясымен келісімге отырды. Екі тараптың жаңартылатын энергияға қатысты жобалары көп. Аталған компаниялардың бәрін шамамен 2025 жылға қарай IPO-ға шығарамыз», дейді Ернар Жанәділ.

Сонымен бірге, жиында «Қазақтелекомның» 28 пайыз көлемдегі акциясы «Самұрық-Қазына» қорына өтетіні, оған қатысты құжаттар реттеліп жатқаны айтылды.

Сондай-ақ оқыңыз