Ресей Орталық Азия елдерімен бірлесіп биологиялық зертханалар салғысы келеді
Ресей Орталық Азия елдерімен бірлесіп, биологиялық зертханалар құрылысын жандандырғысы келеді. Бұл туралы РФ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев мәлімдеді.
«Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің хабарлауынша, Патрушев жұма күні Алматыда өткен «Орталық Азия және Ресей» форматындағы қауіпсіздік кеңестері хатшыларының отырысында:
«Сонымен қатар биологиялық зертханаларды бірлесіп салу және үшінші елдермен ынтымақтастық туралы ашық ақпарат алмасу бойынша жұмысты жандандыру қажет», – деді.
Сонымен бірге ол аймақта Пентагон қадағалайтын биологиялық бағдарламаларға «алаңдап отырғандарын» жеткізді.
«Біз биоқауіпсіздік мәселесі бойынша, оның ішінде қазірдің өзінде жасалған екіжақты меморандумдар аясында тығыз өзара іс-қимыл мен үйлестіруге шақырамыз», – деді ол.