Ресейде мұнай-газ өндірісінен түсетін табыс 50%-ға азайған

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Қаңтар-маусым айларында пайдалы қазбалар – мұнай мен газ конденсатты өндіруден Ресей Федерациясының бюджетіне түсетін салық көлемі 1,73 есеге азайып, 2,984 триллион рубльді құрады, деп хабарлайды Korrespondent.

Ресейдің Қаржы министрлігінің мәліметтеріне сенсек, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Ресейдің бюджетіне мұнай-газ саласынан түсетін кіріс 46,9%-ға азайған. Бір жыл бұрын одан түскен пайда 6,376 триллион рубль болса, осы жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіш 3,382 триллион рубльді құраған.

Қаржы министрлігі келтеріген деректерде, ағымдағы жылдың маусым айында кірістер мамырмен салыстырғанда 7,3 пайызға төмендеп, 528,6 миллиард рубль болған. 2022 жылдың маусымымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 26,4%-ға төмен. Өткен жылдың мамымырнда кіріс көлемі 717,9 млрд рубль болған.

Сонымен бірге, қаңтар-маусым айларында пайдалы қазбалар – мұнай мен газ конденсатын өндіруден түсетін салық 105,9 млрд рубльді құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,73 есе аз.

Ресей қазіргі таңда мұнай бағасының өсуін ынталандыруға мүдделі. Сол мақсатта Ресей мұнай экспортын қысқарту туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыз